Трамп пен Роухани БҰҰ-да мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Роухани БҰҰ-да мәлімдеме жасады

26.09.2018

Егер Иран Америка азаматтарына немесе одақтастарына залал келтіретін болса, тозақта жауап береді. Мұны АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон ескертті. Ал, президент Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында мәлімдеме жасап,  Иранды Таяу Шығысқа бей-берекетсіздіктің, ажалдың, күйреудің дәнегін сеуіп жатыр деп айыптады. Ал, Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани болса, Құрама Штаттарды «әділетсіз санкция» жариялады деп кінәлап, халықаралық мәселелерді күшпен емес, авторитаризммен емес, заңмен шешуге шақырды. Сондай-ақ, Иран терроризмді қолдады деген мәліметтерді жоққа шығарып, Вашингтонды Тегеранға қарсы психологиялық соғыс отын өршітті деп айыптады.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу