ХАМАС кепілге алған 14 адамды босатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХАМАС кепілге алған 14 адамды босатпақ

25.11.2023

Израиль мен Хамастың атысты тоқтатуға келіскеніне екінші күн. Соңғы мәліметке қарағанда, осы үзіліс аясында бүгін 42 палестиналық пен Хамас кепілге алған 14 адам босатылады. Ымыраның алғашқы күні Израильге 24 адам қайтарылып, түрмелерден 39 палестиналық үйлеріне жіберілген. Төрт күндік бітім кезінде бас-аяғы 50 израильдік пен 150 палестиналық босатылуы керек. Тағы бір айта кететін жайт – Қатардың арАғайындығымен жасалған келісімге сәйкес, жұма күні Израильдің қоршауындағы Газа секторына отын, азық-түлік, дәрі-дәрмек тиелген үлкен гуманитарлық көмек кіргізіледі.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу