«Хамас» Трампқа қарсы ауқымды шеру өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хамас» Трампқа қарсы ауқымды шеру өткізді

15.12.2017

Газа секторындағы ондаған мың адам митинг өткізіп, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израильге наразылық білдірді. Бұл акция «Хамас» қозғалысының 30 жылдығына арналып отыр. Онда осы ұйымның лидері Исмаил Хания сөз сөйлеп, Ақ үй басшысын Иерусалимді еврей мемлекетінің астанасы ету шешімінен бас тарттыруға уәде берді. Сондай-ақ, оның сөзінше, палестиналықтар миллион адам құрбан етсе де, Иерусалимді алады.

Шеруге «Хамастың» әскери қанатының жүздеген содыры да қатысты. Израиль болса, Газа секторымен арадағы шекараны жапты. Өйткені, Трамптың  мәлімдемесінен кейін бұл анклавтан Израильге зымыран күнде жіберіліп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу