Тегеран АҚШ пен Израильге ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеран АҚШ пен Израильге ескерту жасады

14.02.2020

Иран болмашы себеп үшін АҚШ пен Израильге соққы беруге әзір. Мұны Ислам революциясы сақшылар корпусының жетекшісі ескертті.

«Егер сіздер бізге қатысты қандай да бір қателік жіберсеңіздер, екеуіңізге де тойтарыс береміз», - дейді генерал-майор Хоссейн Салами Тегеранда әйгілі қолбасшы Касем Сүлейманиді еске алу рәсімі кезінде. 

АҚШ-Иран қатынастары соңғы кездері тіпті шиеленісіп кетті. Вашингтон бұл мемлекетпен арадағы ядролық келісімнен шығып, Тегеранға қарсы санкцияларды қайта жандандырды. Сонымен қатар, жыл басында Сүлеймани Американың дрондық шабуылынан мерт болғаннан кейін Ислам Республикасының әскері Құрама Штаттардың Ирактағы базаларына зымыран жіберді. Одан Пентагонның 100-ден астам жауынгерінің миы шайқалған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу