Қазақ тілі ғылым тілі ретінде дамиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілі ғылым тілі ретінде дамиды

13.10.2023

Қазақ тілін болашақта ғылым тілі ретінде дамытамыз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы «Бас тақырыпқа» берген сұқбатында осыны айтты. Күнделікті өмірімізде қолданып жүрген қолымыздағы құралдар қазақ тілінде сөйлеуі керек. Қор болашақта осы бағытта да жұмыс бастайды деді. Сонымен қатар бала тілі қаза тілінде шығу үшін арнайы әдістемелік құралдар пайда әзірленіп жатыр.

Рауан Кенжеханұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ұлттық құрылтай мүшесі:

Бала тілін қазақ тілінде шығару құралдары пайда болады. Қазақ тілі ғылым тілінде дамуы керек деген айтылып жатыр. Оның бірін қолдап, дамытамыз. Әрбір қолданып жүрген қолымыздың, көзіміздің жалғасы болып кеткен құрылғылар қазақ тілінде сөйлеуге жазуға көмектесуі тиіс. Оларды қазақ тілінің қызметшісі ету маңызды.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу