Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруаларға қандай қолдау шаралары болады? Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында осы мәселе пысықталды. Комитет төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда астық жинау аумағы 1 миллион 200 мың гектарға аз. Оның үстіне диқандар 8 миллион тоннадай өнімін жеткізе алмай отыр, деді. Салдарынан тауар өндірушілер қиын жағдайға тап болды. Жазда құрғақшылық болып, тамыз-қыркүйек айларында жауын-шашын мол түскеннен шаруалар тығырыққа тірелгенін жеткізді.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:
Дихандар біздің астығымыз не болады? - деген сұрақты қойды. Күздің жартысына келіп қалды. Сол сұрақтарға әлі күнге дейін жауап болған жоқ. Сол кеше Үкімет бір мәресіне жеткізіп, бағасын да алатын көлемін де берілген несиелер жөнінде де өздерінің позициясын айқындады.
Жиында вице-премьер Серік Жұманғарин жуырда экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда Үкімет басшысы астық нарығындағы жағдайды реттеу бойынша бірқатар ұсынысты қолдағанын айтты.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Шешім қабылданды. Қосымша 150 миллиардқа дейін біздер қазір субсидия бөліп жатырмыз. 31,3 миллиард форвордтық сатып алуға жіберіп жатырмыз. Әділ баға белгіленді. Үшінші класқа 120 мың теңге, төртінші класқа 105 мың теңге. Алған форвордтарға тауарлық кредиттерге біздер мүмкіншілік болмаған фермерлерге келесі жылға созып жатырмыз.
Асылбек Данияр