Ресейдің ұлттық валютасы тағы құлдырап, бір доллар 102 рубльден сатылуда. Мамандар енді бір айда инфляция 7.5 пайызға жететінін айтады.
Индира Бегайдар, тілші:
Рубльдің құлдырауынан елде қымбатшылық қос бүйірден қысып тұр. Мәселен ет, көкөніс, қант, күріш бағасы бірден 60 пайызға қымбаттап кетті. Техника, коммуналдық төлемдер, такси бағасы 100 пайызға өскен. Отандық экономистер келер жылы жағдай қиындай түсетінін мойындап отыр. Өйткені экспорт күн сайын қысқарып, елде доллар жетіспейді.
Сергей Калашников, сарапшы:
Қазір қара нарықта бір доллар биржадағы бағадан 30 пайызға қымбат сатылып жатыр. Ертең бір доллар құны 130 рубльге жетуі де мүмкін. Ал көптеген отандық компаниялар тапқан табысын шетелде ұстап отыр. Яғни елден ақша кетіп жатыр.
Үкімет цифрлы рубльді енгізді. Осы арқылы көлеңкелі сауда-саттықтың алдын алмақ. Алайда қазір елде жұмысшы тапшы. IT, білім беру, денсаулық, құрылыс сияқты салаларда жұмыс істейтін маман жоқ. Өйткені инфляцияның салдарынан айлық 50 пайызға қысқарған. Келер жылы инфляция 15 пайызға жетсе, ұлттық валюта 100 пайызға құнсызданады - дейді мамандар
Индира Бегайдар