Жаңадан сайланатын әкімдерге талап күшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңадан сайланатын әкімдерге талап күшті

04.10.2023

Жаңадан сайланатын әкімдердің білімі жоғары, тәжірибесі мол, халыққа жақын болуы керек. Қарағанды облысындағы сайлаушылардың қойып отырған талабы осындай. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездескен Қарағанды қаласы мен Ақтоғай, Осакаров аудандарының тұрғындары ойларын ашық айтып, пікір алмасты. Қазір жастардың электораттық белсенділігі артып келеді. Олардың еліміздегі саяси үдерістерге қатысуы да көңіл қуантады. Сондықтан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жастармен де кездесті. Облыс орталығынан ең шалғайда жатқан Ақтоғай ауданының халқы да биыл өз әкімін сайлайды. Мұнда 10500 сайлаушы тіркелген. Әзірге әкім болуға ниетті үш кандидат бар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлауға байланысты олар не күтіп отырғандарын және аудан әкімі қандай болу керек, ол кім болу керек, оның алдында қандай талаптар болу керек, қандай талаптарға сай болу керек, үлкен деңгейге көтеріп тастады талаптарын. Білімділігі жөнінде, тәжірибесі жөнінде, таза ниеті жөнінде.

Қарашаның 5 күні Қарағанды облысы бойынша 3 әкім сайланады. Приозерск қаласы мен Ақтоғай және Осакаров аудандарының 38 мыңнан астам тұрғыны өз таңдауларын жасайды. Әзірге үш өңір бойынша 9 кандидат тіркелген. Бірақ бұл сан өзгеруі мүмкін, құжат қабылдау 5 қазанға дейін жалғасады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу