Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

30.01.2023

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Ол былтырғы жұмыс қорытындысы мен еліміздегі судьялар корпусы туралы мәлімет берді. Денис Шипптің сөзінше, қабылданған шаралар нәтижесінде судьялық қызметке ұсынылған адамдар саны сот жүйесінен кеткен қазылардан асып түскен. Сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту үшін алғаш рет заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Оның жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық сотқа судья бола алады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу