CNPC корпорациясы Қазақ Ұлттық хореографиялық академиясының жұмыс барысына куә болды

13.11.2019

Бүгін Президент қабылдауында болған CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Қазақ Ұлттық хореографиялық академиясының тыныс -тіршілігімен танысты.   

Ван Илинь өнер ордасын еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен бірге аралап, академияның жұмыс барысына куә болды. Жалпы Қытай мұнай-газ корпорациясы басшысының мұнда келуі бекер емес. Аталмыш компания Қазақ Ұлттық хореографиялық академиясының құрылысына қаржылай қолдау көрсетіп, ұл-қыздардың білім алуына да жан-жақты жағдай жасап келеді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу