Ақпарат – саясаттың маңызды құралы. Осылай деген «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері Алматыда бас қосты. Шараға партияның өңірдегі барлық филиалының өкілдері қатысты. Жиында ақпаратты қалай дұрыс тексеру, әлеуметтік желілерде жариялау тәсілі туралы сөз болды. Ақ жолдықтардың сөзінше, заманның ағынынан қалмай, жастардың жаңа технологитяларды игеруі маңызды.
Қазыбек Иса, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
Қазір ақпартаттың заманы екенін білесіздер. Ақпарат қазір жаңа технологиямен коммуникацияның жоғары технологиялық дәрежесіне дейін көтеріліп келе жатыр. Ол дамып отырады. Жасанды интелеект те шығып кетті қазір. Сондықтан да біз саясаттағы ақпараттың маңыздылығына тоқталамыз.