Павлодар музейіне майдангердің киімі табысталды
Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Кеңестер одағының батыры Құдайберген Сұрағанов пен майдангер жазушы, соғыстан кейін 9 жыл қатарынан Германияның Ильминау қаласында комендант болып жұмыс істеген Қалмұқан Исабаевтың әскери киімі табысталды. Сондай-ақ көрмеге сіріңкенің қорабына сыйып кететіндей, ұзындығы 3,5, ені 2,5 см шағын көлемдегі құран кітапша шығарылды. Кітапшаның мұқабасы металдан жасалып, өрнектелген. Ортасында үлкейткіш лупа бар. Кітап соғыс ардагері Қайдар Жазкеновқа тиесілі. Мәліметке қарағанда осы кітап қазақ сарбазын тіке атылған оқтан қорғап қалған. Қабырғаға тіреп атқан талай тұтқынның арасынан жалғыз тірі қалған қарт майдангер Қайдар Жазкенов 1986 жылы Павлодар қаласында қайтыс болды.
Санат Сыздықов, майдангердің туысы:
Бұл кітапты тұтқында болғанда түрік жігіті береді. Сол тұтқынға түскеннен кейін ату жазасына бір үлкен жардың жанына апарады да, ана тұтқындарды атады ғой. Сосын немістің офицері келіп түгелдей контрольный атқан. Сонда ана кісі аман қалған. Атқан оқтары мына шынашаққа ғана тиген. Содан түн жамылғаннан кейін, бәрі тынышталғаннан кейін көрші деревня дейді ол кезде, сонда барып, өз бөлімшесіне қосылып, дін аман ол кісі соғыстан оралды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы