Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында ІІ д.с. қатысқан 6 ардагер бар

Қарағанды облысында ІІ д.с. қатысқан 6 ардагер бар

Қарағанды облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 6 ардагер бар. Бүгін өңір басшысы ерен ерлік көрсеткен қарт жауынгерлермен және тыл ардагерлерімен кездесті.

Жеңіс күні қарсанында Қарағанды қаласында  соғыс ардагерлерімен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Соғыстан аман келіп, шаһардың дамуына үлес қосқан жандарға  өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев ерліктің үлгісін көрсеткен жаужүрек жандарға алғысын білдірді.

Ермағамбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:

Сіздердің ұлы ерліктеріңіздің арқасында біз бейбіи аспан астында өмір сүріп, болашаққа сеніммен қадам бастық. Сіздер салған берік ірге тас, бүгінгі тұрақтылықпен ертеңгі кемел келешектің негізі. Біз осы аманатқа адал болып, келер ұрпақ үшін бейбіт, гүлденген болашақты бірге құра береміз.

Өңірде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі 6 ардагер қалды. Олардың бесеуі Қарағанды қаласында, бірі Осакаров ауданында тұрады. Сұрапыл соғыстың куәгері болған жандардың бірі 103 жастағы Сұңғат Сәттіғұлов. Ол не бәрі 18 жасында майданға аттанып, Сталинград маңындағы шайқастарға қатысқан.

Сұңғат Сәттіғұлов, соғыс ардагері:

42 жылы, май. Майдың аяғында бізге званияны берместен курсант ретінде апарып, Сталинградтың түбіне салды. Февраль айында Сталинградты азат еттік, 43 жылы. День Победы - 9 майда Минскіде болдым.

Соғыс ардагерлерінің барлығына 5 миллион теңгеден көмек көрсетілді. Ал өңірдегі 2000 аса тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңгеден үлестірілмек. Одан бөлек қаза тапқан майдангерлердің жақындарына да қаржы қарастырылған. Тарихи деректерге үңілсек, өңірден қанды майданға 45 мың адам аттанып, соның 18 мыңы соғыс даласында көз жұмған.


Бөлісу