ҚР Президентінің Архивінде «Ұлы ерлік жолы» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Панфиловшылар ерлігіне арналған көрме ашылды. «Ұлы ерлік жолы» атты шарада бұрын беймәлім болып келген тың деректер көпшілік назарына ұсынылды. Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің бірге түскен сирек фотосуреті, жеке іс парақтары, дивизия ерлігіне арналған Алматы киностудиясының 1942 жылғы сценарийі, сондай-ақ сол кезеңде жарық көрген «За Родину» газеті бар. Көрмені тамашалауға соғыста ерлікпен қаза тапқан Мұсабек Сеңгірбаевтың ұрпағы да келді. Мұсабек Сеңгірбаев 28 панфиловшының бірі. Мәскеу түбіндегі шайқаста танкіге қарсы топтың құрамында болып, жаудың бірнеше шабуылын тойтаруға және 18 танкісін жоюға қатысты. Бұл тарихта 28 батыр-панфиловшылар ерлігі деген атпен қалды. Осы шайқаста Мұсабек Сеңгірбаев ерлікпен қаза тапты.
Кеңес одағының батыры, 28 панфиловшылар Мұсабек Сеңгірбаевтың немересімін. Жетісу облысы Көксу ауданы ғой, Мұсабек деген ауыл қазір солай аталады сол жерде тәрбиеленді. Сұрапыл соғыс 41-жылы қанды майданға аттанып, ерлік жасап, Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Дәстүрлі түрде Президент архивінде Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында біз арнайы көрме ұйымдастырамыз. Осы жылы ерекше. Өйткені 1941 жылы Панфиловшылар дивизиясы құрастырылған. Осы датаға арнайы көрмені ұйымдастырдық. Осы көрменің ерекшелігі 50 астам құжаттар жиналған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы