АҚШ-тың бизнес өкілдері қай салаларға қызығушылық танытып отыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бизнес өкілдері қай салаларға қызығушылық танытып отыр?

29.09.2023

АҚШ-тың бизнес өкілдері энергетикалық қауіпсіздік, транзиттік әлеуетке үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл жайында Құрама штаттардың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм айтты. Ол Президент Джо Байден Қазақстанға келуі мүмкін екенін жеткізді. Елші «С5+1» форматында өткен кездесуде көптеген маңызды мәселелер талқыланды,- деді. Ірі бизнес өкілдерінің Орталық Азия нарығына қызығушылығы артқан. Қаржы құйғысы келетіндер нарықты зерттеп жатқанын жеткізді.

Дэниел Розенблюм, АҚШ-тың қазақстандағы елшісі:

Қазақстан азаматтары 10 жылдық АҚШ визасын ала алатын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өте жақсы дәрежеде екенінің дәлелі. Болашақта бизнес өкілдері емін еркін байланыс орната алады. Біз әсіресе Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне, транзиттік әлеуетіне үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Сондай ақ, Қазақ жері көп жағдайда Орталық Азия үшін хаб бола алатын мүмкіндікке ие. 


Хабарламаларға жазылу