«Ұлттық қор – балаларға»: Кім, қашан және қанша ақша алады?
Жаңа жылдан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі әр балаға есепшот ашылып, төлемдер жіберіле бастайды. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын былтыр Президент Қазақстан халқына жасаған Жолдауында ұсынған еді. Бұл қаражатты олар келешекте үй сатып алуға немесе білімін жетілдіру үшін қолдануға құқылы. Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті тек ел аумағында ала аласыз. Ал шетелде оқимын десеңіз, оның ақысын осы ақшамен өтеуге рұқсат етіледі. Кәмелеттік жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, Ұлттық қордан түскен қаржыны ресми мұрагері иемденеді. Ол ата-анасы, не жақын туысы болуы мүмкін. Соңғы деректерге сүйенсек, қазір елімізде 18 жасқа дейінгі 6 млн 738 мың бала бар.
Бауыржан Бөгенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
17.04.2026, 13:12
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49