Алматы облысында дәрігерлерді соққыға жыққандар ұсталды
Алматы облысының Талғар аудандық ауруханасында реаниматолог пен мейіргерді соққыға жыққандар ұсталды. Полиция «біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 36 және 29 жастағы екі адам қамауға алынды. Олардың не себепті медицина қызметкерлеріне қол көтергенін анықтау үшін сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары басталған. Айта кетейік, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары дәрігерлерді ұрып-соғып, мәйітті алып кеткен. Осы оқиғадан соң Денсаулық сақтау министрлігі шабуыл жасағандардың жазалануын талап етті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:
Талғар аудандық орталық ауруханасында қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне емделушінің туыстары күш көрсеткен. Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды. Осы құқыққа қайшы әрекетке құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талабы бойынша жазалануы тиіс.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 17:22
Ел жаңалықтрына шолу
24.07.2026, 17:19
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 17:18
Шымкентте таудан аққан сел бірнеше көшені шайып кетті
24.07.2026, 17:15
Испанияда төтенше жағдай жарияланды
24.07.2026, 17:13
Орман өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
24.07.2026, 17:12
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа вакцина шығарылды
24.07.2026, 17:10
Халық денсаулығын қорғауға бағытталған кешенді шаралар қаралды
24.07.2026, 17:08