Басты Жаңалықтар Британия Сауд Арабиясына көмекке әскери ұшақтар жөнелтпек

Британия Сауд Арабиясына көмекке әскери ұшақтар жөнелтпек

Ұлыбритания Сауд Арабиясына әйгілі «тайфун» соғыс ұшақтарын жөнелтеді. Мұны Біріккен Корольдіктің қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Оның дерегінше, әскери ұшақтар Саудияның қалалары мен маңызды инфрақұрылымын йемендік хуситтердің шабуылдарынан қорғау үшін Таяу Шығысқа жеткізілмек. Осы министрліктің өзге бір мәлімдемесінде ираншыл қарулы топтың аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіріп, энергетикалық шикізат тасымалы мен сауда жолдарының қызметін қиындатып отырғаны да айтылған.

Ал Түркия Саудияға техникалық мамандар мен сарапшылар жіберу туралы парламентке ұсыныс жасамақ. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл әскери персонал соғысқа тікелей араласпай, әуе шабуылдарынан қорғану, радиоэлектрондық күрес сынды қорғаныс мәселелерімен айналысады.

Хуситтер Йеменнің халықаралық қауымдастық мойындаған үкіметінің армиясына қолдау көрсеткені үшін Саудияға соңғы апталарда бірнеше рет соққы беріп, ондаған адамды мерт қылды.

Бөлісу