Басты Жаңалықтар АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады

АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады

АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф,бүгін Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді қайта жандандыруға шақырды. Америкалық өкіл Кремль басшысына қарулы қақтығысты доғару туралы жаңа идеяларды зерттеу туралы ұсыныс айтты.

Үш сағаттық кездесу Санкт-Петербургтың императорлық сарайында өтті. Владимир Путин Дональд Трампқа Иран мәселесін шешу үшін көмектесуге ыңғай танытып, Ресейдің америкалық фермерлерді қолдау үшін АҚШ-қа айтарлықтай көлемде тыңайтқыш экспорттауға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар Ресей президенті келесі айда Трамппен Қытайда кездесуге ниетті екенін де аңғартты.

Өткен тәулікте Уиткофф Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен еді. Сол келіссөздерден кейін ол бейбітшілік жөніндегі түрлі идеяларға толы құжатты Путинге ұсыну үшін Петербургке аттанатынын мәлімдеген.

Бөлісу