Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Басқорсуда Қазақстан – жаһандық деңгейдегі бейбітшілік қорғаны ретінде басымдыққа ие ел екені айтылды. Алдағы уақытта бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, орнықты дамуға қол жеткізу және адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық арта бермек.
Мемлекет басшысы бірнеше елдің басшыларымен кездесті
Сапар аясында Президент бірнеше елдің басшыларымен де кездесті. Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз жүргізіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтқан Словения басшысы да өз еліне арнайы сапармен келуге шақырды.
Ал Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесуде екі жақтың көлік-транзит байланыстарын дамыту әлеуеті айтылды. Оның ішінде Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдау үшін «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржолының мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас портында Қазақстанның сауда терминалын салудың маңызына тоқталды. Президенттер белгіленген экономикалық жоспарды жүзеге асыру үшін үкіметаралық байланыстарды жандандыруға уағдаласты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі Финляндияның Президенті Саули Ниинистёмен де келіссөз жүргізді. Тараптар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде БҰҰ-ны реформалау жөнінде де пікір алмасты. Финляндия Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумының негізгі спикерлерінің бірі ретінде Қазақстанға шақырды.
Ал Эстония Президенті Алар Кариспен өткен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19