Сарапшы: Жолдау жұмыла жұмыс істеуге үндейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына шетелдік инвесторлар да үн қосты.
Британиялық компанияның бас директоры Афзал Амин Президент айтқан тау-кен саласын басқару жүйесін жаңғырту керектігі туралы тапсырмасын қолдайды. Шынымен де көптеген елде бұл саланы негізінен жеке компаниялар алға сүйрейді. «Ал оларға Қазақстанда тиімді салық және реттеу шарттарын ұсыну ұтымды шешім», - дейді бизнесмен. Өз қаржысына геологиялық зерттеу жүргізген инвестордың жер қойнауын пайдалану кезінде басым құқыққа ие болуын қамтамасыз еткен жөн.
Афзал Амин, London expertise LTD және Aremca LTD компанияларының бас директоры:
Соңғы сегіз жыл көлемінде ауылдық жерлерді сумен қамтып, ал бес жыл ішінде тау-кен саласында жұмыс істеген әріптестерімізбен бірге Жолдаумен танысып шықтық. Президенттің осы екі мәселеге ерекше назар аударғаны ерекше ұнады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы ауылшаруашылығы және қайта өңдеу салаларын дамытып, ауылдық жерлердің экономикасын едәуір жақсарта түспек. Басқа да шетелдік инвесторлар сияқты біз Қазақстанда қалып, бизнесті жүргізудің ұтымды инновациялық әдістерін енгізу арқылы әлеуметтік және экономикалық табысқа жету жолында жұмыла жұмыс істеуге ниеттіміз.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда саябақ сала бастады
30.03.2026, 13:33
Decentrathion 5.0 хакатоны талантты жастарды анықтайды
30.03.2026, 13:30
Жаңа Конституция – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған құжат
30.03.2026, 13:27
Алимент төлеушілердің қарызы 18 млрд теңгеге жетті
30.03.2026, 13:24
Ұлытау облысында 3 млн долларға бағаланатын есірткі тәркіленді
30.03.2026, 13:21
Иран үш елге Ормуз бұғазын пайдалануға рұқсат берді
30.03.2026, 13:18
Трамп Ресейдің Кубаға мұнай жеткізуіне қарсы емес
30.03.2026, 13:15
Аралды құтқару қорының басқарма мүшелері кездесті
30.03.2026, 13:12