Қостанай облысында алаяқтық әрекеттің жолын кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында алаяқтық әрекеттің жолын кесілді

18.09.2023

Қостанай облысында телефон арқылы жасалған алаяқтық әрекеттің жолы кесілді. Такси жүргізушісі қырағылық танытпағанда 87 жастағы зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылуы мүмкін еді. Оқиға Лисаков қаласында болған. Шақырумен келген таксиге кейуана Рудный қаласына заттар салынған сөмкені жеткізуді өтініп, ақысына 8 мың теңге ұсынады. Қызының қиын жағдайға тап болғанын, сондықтан сәлемдемені шұғыл жеткізу қажеттігін айтады. Мұның бәрі күдікті көрінгендіктен таксиші полицияға хабарласқан.

Полиция алаяқтар зейнеткерге қоңырау шалып, қызының жол көлік оқиғасына түскенін, жағдайды ушықтырмай шешу үшін қомақты қаржы қажет деп алдағанын анықтады. Ақша иесіне қайтарылды. Полиция алаяқтық жасамақ болғандарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу