Үш ғасырлық тарихы бар жәдігер

16.02.2016
Үш ғасырлық тарихы бар жәдігер
Құнды мұра - ат әбзелі ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жалғасқан.

Семейдегі облыстық өлкетану мұражайы көне жәдігерлермен толықты. 19-ғасырда қолданылған жолсандық жеңіл ағаштан жасалып, терімен қапталған. Бірнеше ғасыр болса да жиһазды жергілікті коллекционерлердің бірі ұзақ уақыт үйінде сақтап келген.

Мұражай қорына табысталған тағы бір жәдігер - арғымаққа салынатын ер-тоқым. Үш ғасырлық тарихы бар ат әбзелі ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жалғасқан. Семейлік тұрғын, көне мұра музей төрінде тұрғаны дұрыс, деп тауыпты.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу