Жамбыл облысында сақтардың қазаны табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында сақтардың қазаны табылды

19.05.2023

Жамбыл облысында осыдан 3 мың жыл бұрын сақтардың қолданған қазаны табылды. Тарихи тұрмыстық жәдігерді Бесағаш ауылының тұрғыны жерді қазып жатып кездейсоқ тауып алған.

Тарихшы көне қазан шамамен біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдағы сақ дәуіріне жататынын айтады. Құнды жәдігер ерте темір дәуіріндегі қола мен қалайының қосындысынан жасалған. Екі кісі әрең көтеретін қазанның үлкендігі мен сапасына қарап сол замандағы бай-бағландарға тиесілі болған деп топшылайды. Қазір ежелгі мәдениеттің ескі жұрнағы саналатын қазан Бесағаш ауылындағы мектеп мұражайына берілген. «Ал қазан табылған маңда ортағасыр қалашығы деп келген «Ақтөбе» елдімекенінің орны бар. Бұл дегеніміз Ақтөбенің тарихы сонау ерте темір дәуірінен басталуы мүмкін екенін көрсетеді», - дейді тарихшы.

Сауран Қалиев, тарихшы-археолог:

Бұл нысан табылған аумақ дәл осы уақытқа дейін кешенді түрде ешқандай археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Осы жәдігердің табылуы Жамбыл облысының жеріндегі, Шу-Талас өңіріндегі, ерте орта ғасырлық және ерте темір дәуіріне тән нысандарда кешенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі деген үміттеміз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу