Солтүстік Ирландия футболшылары сынның астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Ирландия футболшылары сынның астында қалды

12.09.2023

Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасынан жеңілген Солтүстік Ирландия командасы сынның астында қалды. Солтүстік Ирландияның БАҚ өкілдері команданың әлсіз тұсын жіпке тізді. Ал сарапшылар футбол қауымдастығын жауапқа тартуды талап етті. «The Irish Times» газеті: «Солтүстік Ирландиялықтар енді өзінен 40 саты төмен тұрған команданың жетістіктеріне тамсанып қана жүреді. Бұл Қазақстанның «H» тобындағы төртінші жеңісі, әлі де олардың бәсекені жалғастыруға мүмкіндігі бар» деп жазды.

Ал News Letter басылымы болса: «Словениядан 4-2 есебімен жеңілгеннен кейін Майкл О' Нил өз командасына түзетулер енгізуге уәде берді. Алайда сөзінде тұрмады» деді. Ал әйгілі солтүстік ирландиялық футболшы «Жанкүйерлер алаңда мақтан тұтатын команданы көргісі келеді. Өкінішке қарай, біз оны көре алмай отырмыз. Футболшылар тырысады, бұған күмән жоқ, бірақ бізде тиісті жұмыстар әлі де қолға алынбаған» дейді. Belfast Telegraph -та: Алаңдағы шулы атмосферада, команда жаман ойнаған жоқ деді. Максим Самородов соққан голды жоғары бағалап, Қазақстан қақпасына гол кіргізбеу үшін жан таласа ойнағанын ерекше атап өтті. 


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу