Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Уэльс-Солтүстік Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Уэльс-Солтүстік Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

25.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Уэльс-Солтүстік Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінің екінші ойыны Уэльс және Солтүстік Ирландия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Уэльс құрамасы плей-офф кезеңіне «В» тобынан бірінші орынмен шықты. 3 ойында 6 ұпай жинаған. Ал, Солтсүтік Ирландия құрамасы 3 ойында 3 ұпай жинап, «С» тобында үшінші орын алған.

Бұл ойынға дейін Уэльс пен Солтүстік Ирландия құрамалары 38 рет кездескен. 18 матчта Уэльс құрамасы жеңіске жетсе, Солтүстік Ирландия 12 ойында ұтқан. Ал, 8 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Уэльс 26-шы орында, Солтүстік Ирландия құрамасы 25-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Уэльс-Солтүстік Ирландия матчының қайталауын ертең, 26 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 10:25-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу