Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Бельгия-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Бельгия-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

18.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Бельгия-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «E» тобындағы Бельгия және Ирландия құрамаларының арасында 2-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Бельгия құрамасы бірінші турда Италиядан 0:2 есебімен ұтылған. Ал, Ирландия футболшылары Швеция құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнаған.

Екі құрама бұған дейін 14 ойын өткізген. Оның 5 матчында Бельгия құрамасы жеңіске жеткен болса, Ирландия 4 ойында ұтқан. Ал, 5 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Бельгия 2-ші орында, Ирландия құрамасы 33-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Бельгия-Ирландия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 19 маусымда, сағат 07:55-те көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу