«Kazsport» телеарнасы бүгін Италия-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы бүгін Италия-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

22.06.2016
«Kazsport» телеарнасы бүгін Италия-Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Е» тобындағы Италия және Ирландия құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 00:50-де назарларыңызға ұсынады.

Италия құрамасы бірінші турда Бельгияны 0:2, 2-ші турда Швецияны 1:0 есебімен ұтқан. Ал, Ирландия футболшылары алғашқы турда Швециямен 1:1 есебімен тең ойнаса, екінші турда Бельгиядан 0:3 есебімен ұтылған.

Екі құрама бұған дейін 13 ойын өткізген. Оның 8 матчында Италия құрамасы жеңіске жеткен болса, Ирландия 3 ойында ұтқан. Ал, 2 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Италия 12-ші орында, Ирландия құрамасы 33-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Италия-Ирландия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 23 маусымда, сағат 15:00-де көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу