Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Украина-Солтүстік Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Украина-Солтүстік Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

16.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Украина-Солтүстік Ирландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «С» тобындағы Украина мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы 2-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Украина құрамасы 2014 жылғы Әлем чемпиондары Германиямен ойнап, 0:2 есебімен жеңілген болса, Солтүстік Ирландия құрамасы да Польшадан 0:1 есебімен ұтылған.

Бұл ойынға дейін Украина мен Солтүстік Ирландия құрамалары 4 рет кездескен. Украина 2 ойында жеңіске жетсе, 2 матч тең нәтижемен аяқталған.

FIFA рейтингінде Украина 19-ші орында, Солтүстік Ирландия құрамасы 25-шы сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Украина-Солтүстік Ирландия матчының қайталауын ертең, 17 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 11:45-те көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу