Бүгін Ұлттық арна Германия-Польша ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Германия-Польша ойынын тікелей эфирде ұсынады

16.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Германия-Польша ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «С» тобындағы 2-ші турдың екінші ойыны Германия мен Польша құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Германия құрамасы Украинаны 2:0 есебімен жеңсе, Польша футболшылары Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты.

Бұған дейін екі құрама 12 рет кездескен екен. 8 ойында Германия құрамасы жеңіске жетсе, польшалықтардың 1 ойында мерейі үстем болған. 3 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қазіргі уақытта Германия құрамасы ФИФА рейтингінде 4-орында болса, Польша 27-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Германия-Польша матчының қайталауын ертең, 17 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 17:10-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу