Елімізді жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісік дертіне шалдығады. Өкінішке қарай оның дені жастар. Ресми дерек бойынша биылғы жарты жылдықта 28 жасқа дейінгі 500-ге жуық қазақстандықтан обыр дерті анықталған. Бұл туралы онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша орта азиялық конференцияда айтылды.
Обыр ауруы қазір жас та, жыныс та талғамайды. Бүгінде бұл дертпен 205 мың қазақстандық тіркеуде тұр. Жыл сайын 37 мың науқастан қатерлі ісік анықталады. Күннен күнге жасарып келе жатқан дерттің қазір үш түрі дендеп тұр.
Тасболат Әділханов, ұлттық ғылыми онкология орталығының онкохирургия бойынша бас кеңесшісі
Бірінші орында әйел адамдардың омырау қатерлі ісіктері, оның ішінде 13 пайызын құрайды. Екінші орында өкпе қатерлі ісік ауруы. Үшінші асқазан қатерлі ісік ауруы. Ал өлім жағынан қарасақ өкпе қатерлі ісігі өлімге көп әкеледі.
Дәрігерлер дерттің дендеуіне, халықтың скринингке бей-жай қарайтыны себеп дейді. Бұл құрылғының көмегімен биыл азаматтардың 10 пайызынан обыр дерті ерте анықталған. Мамандар елімізде жатыр мойын обырының алдын алу үшін, 9-12 жастағы қыз балаларға екпе салуды жөн көреді. Әзірге пилоттық жоба ретінде енгізілген. Келесі жылдан бастап ел аумағында толық жүзеге аспақ, бірақ ерікті түрде болады.
Жақсылық Досқалиев, профессор:
Өсіп келе жатқан қыздарымыз, вакцина алатын болса, келешекте қатерлі ісікпен ауырмайды деген сөз. Біздің елде қазір еңгізіліп жатыр. Пилотты проектте. Бірақ жаңа вице министр айтып өтті ғой келешекте, барлық жасөспірімдер сол вакцина алад деп. Ешкімді де зорламайды.
Қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастар әсіресе ШҚО-да көп. Одан кейін Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары тұр. Дертпен күрес жүріп-ақ жатыр, бірақ азаяр емес. Мәселен ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының өзінде жылына 5 мыңнан аса операция жасалады.
Тасболат Әділханов, ұлттық ғылыми онкология орталығының онкохирургия бойынша бас кеңесшісі:
Оның ішінде асқазанды алып тастап, жаңадан асқазан орнату, ішкі құрылысқа, трансплантация жасау жаңадан шыққан ренгенді хирургия деген бар, тамырдың бойымен барып, например үлкен ісік болса, оның тамырларын блок жауып, дәрі жіберіп, кішірейген кезде басқа ем қолдануға болады. Осылайша қазіргі заманға сай технология пайдаланады.
Аида Ахметбек, тілші:
Науқас үшін медицина – мүмкіндік, дәрігер – дәнекер. Алайда бұл дерт ескертіп келмейді. Бүгінде обырмен ауыратындар арасында еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін бар. Жылына 13 мыңнан астам азамат қатерлі дерттің құрбаны болып отыр. Сол үшін ерте бастан скрингтен өтіп, аурудың алдын алған абзал.