Калифорнияға «Хилари» дауылы жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияға «Хилари» дауылы жетті

21.08.2023

АҚШ-тың Калифорния штатына «Хилари» тропикалық дауылы соққы берді.

Одан жауын құйып, су тасып, миллиондаған адамға қауіп төніп тұрғаны ескертілді. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапқан. Аймақта мұндай сұрапыл дауыл соңғы 84 жылда алғаш рет соғып отыр. Ол Оңтүстік Калифорнияға сағатына 119 шақырым жылдамдықпен жеткен. Сарапшылардың ойынша, АҚШ пен әлемнің өзге елдерінде ауа-райымен байланысты осындай оқиғалардың жиілеп кетуіне адамның әрекетінен туындаған климаттық өзгеріс себепші.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу