Ирландия мен Ұлыбританияда «Кэтлин» дауылы күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирландия мен Ұлыбританияда «Кэтлин» дауылы күшейді

08.04.2024

Ирландия мен Ұлыбританияда ойран салған «Кэтлин» дауылы күшейе түскен. Жел сағатына 110 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Екі елдің әуежайларында ұшақ рейстері доғарылды. Англия суларында алып толқындар көтерілген. Дүлей дауыл Мэн аралына да жетті. Мұнда ауа-райының қолайсыздығына байланысты сары түсті ескерту жарияланған. Аралда бүгін және ертең нөсер жауын жауып, су тасқыны жүруі ықтимал.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу