Қай елдің туристері Қазақстанда ұзақ саяхаттайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қай елдің туристері Қазақстанда ұзақ саяхаттайды?

09.08.2023

Шетелден келетін туристтер Қазақстанда қанша күн қонақ болады? Мұны «e-Qonaq» арнайы ақпараттық жүйе анықтаған. Көш басында көрші өзбекстандықтар тұр. Олар 10 күнге дейін Қазақстан аумағында болып, көрікті жерлерді аралайды екен.

Ал ресейліктер орта есеппен 6 күн болса, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан азаматтары 4 күнін арнайды. «e-Qonaq» жүйесі саяхаттап келетін шетелдік туристтердің ағынын бақылайды. Мақсат - туристтерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.  


Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу