«Қазақстан-2050: қазіргі замандағы инклюзивтік қоғам жолында» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-2050: қазіргі замандағы инклюзивтік қоғам жолында» атты кітап жарық көрді

02.05.2014
«Қазақстан-2050: қазіргі замандағы инклюзивтік қоғам жолында» атты кітап жарық көрді
Қазақстан кейбір көрсеткіштер бойынша қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы 30 елдің құрамына кіреді. Мұндай пікірді дамушы нарықтар форумының аға сарапшысы, Бүкіләлемдік банктің аймақтық экс-президенті Йоханнес Линн айтты. 
 
«Халықаралық жағдайларды ескере отырып, елдің кейбір саладағы көрсеткіштерін саралайтын болсақ, Қазақстан қазірдің өзінде озық отыздық елдеріне кіреді»,- деді сарапшы.
 
Айта кету керек Азия даму банкінің 47-ші отырысы аясында бүгін «Қазақстан-2050: қазіргі замандағы инклюзивтік қоғам жолында» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Кітап Назарбаев университеті базасында дайындалды.
 
Онда халықаралық сарапшылар тобы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы нақты қадамдарды айқындап берген. Атап айтсақ, онда адам капиталы мен энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және «жасыл» экономикаға өтудің нақты жолдары көрсетілген.
 
Кітапта сондай-ақ, нақты 7 бағыт бойынша қысқа, орташа және ұзақ мерзімге арналған  ұсыныстар қамтылған.
 
Йоханнес Линн, Бүкіләлемдік банктің аймақтық экс-президенті, дамушы нарықтар форумының аға сарапшысы:
Жалпы алғанда, кітап алдағы 50 жылда әлем қалай дамиды, XXI ғасырдың ортасында әлемдік көшбасшы елдер қай елдер болмақ, жаһандық жылыну үрдісі Қазақстанға қалай әсер етеді, Қазақстан 50 дамыған ел қатарынан 30 дамыған елдер қатарына қалай кіреді, Қазақстанда денсаулық сақтау мен білім беру жүйесі Еуропалық деңгейге жете ала ма, деген секілді маңызды сұрақтарға ғылыми жауап іздейді.
 
Дулат АбИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу