Президент Мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады

02.10.2023

Мемлекет басшысы ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.

Елеусін Сағындықов Президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асырудағы кей бағыттар бойынша ұсыныстарын жеткізді.


Хабарламаларға жазылу