Испанияда 44 градус аптап ыстық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда 44 градус аптап ыстық

11.07.2023

Испанияда аптап ыстық. Сынап бағанасы 40 градусты көрсетіп тұр. Ал кей қалаларда бұл көрсеткіш 44 градусқа жеткен. Елдің кейбір бөліктерінде тұрғындарға шыжыған күннің астында жұмыс істеуге тыйым салынды. Мұндай ауа райы бірнеше күнге созылатын сыңайлы. Бұл туралы халыққа ескерту таратылған. Испания тұрғындары мен туристері ыстықтан қорғану үшін субұрқақтардың қасына жиналған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу