Еліміздегі белгілі саясаткерлер Әлем чемпионатындағы қай елдің құрамасына жақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі белгілі саясаткерлер Әлем чемпионатындағы қай елдің құрамасына жақ?

02.07.2018

Қазір елдің аузында футбол. Жаһан жанкүйерлерінің назары Ресейде. Доп додасындағы бәсеке қыза түсіп, бел ортасына келді. Биылғы аламанда сенсация көп. Сүреңсіз ойнайды дегендер сүрінбей өтіп, керісінше бабы мықты дегендер бастары салбырап елдеріне қайтып жатыр.

Өткен чемпионаттардағы жеңімпаздар шалдыққан «синдром» атақты немістерді де несібесіз қалдырды. 2002-де француздар, 2010-да Италия, 2014-те испандар дәл осылай жүрісінен жаңылып еді, чемпиондық титулдан қағылып еді. Енді міне, төрт жыл бұрын Бразилияда біраз елді үйге қайтарып, атой салған Германия футболшылары Ресей жерінде топтық кезеңнен ары аса алмады.

Кешелі бері аламан бәйгенің плей-офф кезеңі басталды. Ел сенген Аргентина мен Португалия да чемпионатпен қоштасты. Қысқасы, соңғы екі аптадан бері елдің аузында футбол. Тіпті, аламан біздің елдегі ресми тұлғалардың да түн ұйқысын төрт бөлгендей. Әр министр, депутат сүйікті командасының тілеуін тілеп отыр. Сонымен, елдегі белгілі саясаткерлер қай елдің құрамасына жақ? Қай елді чемпион көреді? Шерхан Жамбылұлы шенеунік жанкүйерлердің пікір-болжамдарын тыңдады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу