Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастырымыздың емін сақтандыру компаниясы төлеп жатыр
Түркияда жол апатына ұшырап, ауруханаға түскен отандастырымыздың емін сақтандыру компаниясы төлеп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Еске сала кетейік, 30 шілде күні Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жүк көлігіне соғылған. Салдарынан екі отандасымыз көз жұмды. Олардың денесі өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Тағы төрт азамат ауруханада ем алып жатыр.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Барлық медициналық және репатриациялау шығындары сақтандыру компаниясының есебінен жүріп жатыр. Бұл туристер өздерінің демалуға барған кезде сақтандыру полистерін мұқият қарап, осылай жасаған болатын. Сондықтан ешқандай қиындықтар болған жоқ. Қалған төрт адам ауруханада. Жандарында туыстары бар.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауызсу мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55