Басты Жаңалықтар Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр

Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр

Еліміз бойынша жасыл энергияның орталығы саналатын Жамбыл облысында тағы бір ірі жоба іске асты. Өңірде Орталық Азиядағы ең ауқымды жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр.

Энергетикалық нысанның қуаты 1 гВт. Сондай-ақ сыйымдылығы 600 МВт/сағат болатын энергия жинақтау жүйесі де салынып жатыр. Осылайша Сарысудың сайын даласынан соққан жел  қуат алудағы қозғаушы күшке айналып отыр. Мегажобаға Біріккен Араб Әмірліктерінің  инвесторлары 742 млрд теңге қаржы бөлген.  Құрылыс алаңының аумағы 440 га құрайдмақ. Онда 100-ден астам жел генераторы орнатылады.  Заманауи технология үп еткен самалдың өзінен жыл сайын сағатына 3,4 миллиард киловатт электр энергиясын өндіре алады. Мамандар бұл 880 мыңнан астам жеке үйді қуат көзімен қамтуға мүмкіндік беретінін айтады. 

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Бұл жоба оңтүстік өңірді, электр энергия тапшылығын азайтуға оң әсер етеді. Ал инвестицияға келсек, инвестиция жобасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.


Бөлісу