Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағалауын қоқыстан тазартты. Бүгін олар Қызылжар ауылы тұрғындарының өтінішімен Жаман Қарғалы өзеніне келді.
Мұнда демалуға келетіндердің кейбірі айналаға азық-түлік қаптамалары мен сусыннан босаған құтыларды шашып кеткен. Сондықтан жылына екі-үш мәрте осылай тазалық акцияларын ұйымдастыруға тура келеді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері бұған дейін «Ақтөбе» су қоймасы мен Елек өзенінің жағалауын да қоқыстан арылтқан еді. Белсенді жастардың айтуынша, осындай акция сайын 2-3 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, полигондарға шығарылады.
Артур Әзиев, облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабы төрағасының орынбасары:
Халықтың сұрауы бойынша. Бізге өтініш жасаған болатын, осы жер шашылып жатыр деп. Халықп демалатын жер ластанып қалған екен. Соны тазалап жатырмыз. Бұл жерде 80-ге жуық жас қатысып жатыр, «Таза қала – таза жағалау» акциясы аясында.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16