Қыз алып қашқандарға жаза күшейтіледі
Еліміздің қылмыстық кодексіне қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізілуі мүмкін. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы мәселені көтеріп, оны Бас прокуратура қолдаған. Қыздарды еркінен тыс алып қашқандарға жаза қандай болмақ? Жаңа бапты енгізуге не түрткі болған?
Қыздың қарсылығына қарамай, алып қашу қоғамда тыйылмай тұр. Қалауымен шаңырақ көтермегендіктен, отбасы бола алмадық дегендердің бірі - Айжан. Ол өзін 18 жасында мүлдем танымайтын ер адам алып қашқанын айтады. Қарсылығына қарамастан, оны сол шаңырақта қалуға мәжбүрлеген. Отбасылық 4 жылдың ішінде таяқтың астында қалып, ақыры екі баласымен үйден қашып құтылдым дейді. Қазір 22 жастағы ол Астанадағы «Қорғау» орталығында тұрып жатыр. Бұл жерде өзі сияқты зорлық-зомбылық көргендер көп.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев дәл осындай мәжбүрлі түрде, еркінен тыс тұрмысқа шыққандардың құқығын қорғау үшін жазаны күшейтуді қолға алғандарын айтады. Қазір бізде қызды алып қашуға қатысты нақты қылмыстық бап жоқ. Тек адам ұрлау бабы бар, ал оның ішінде қаншасы алып қашуға қатысты екені белгісіз.
Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
3 жылға жуық уақыттың ішінде қыздарды алып қашуға қатысты 214 қылмыстық іс тіркелген. Бірақ 90 пайызы екі тараптың келесімімен тоқтап, жабылып қалған. Біз Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген жаңа бапты енгізуді ұсынып отырмыз.
Біздің мақсат - адам құқығын қорғау, зорлық зомбылықтан сақтау.
Омбудсменнің сөзінше, зорлық-зомбылыққа қатысты статистикаға сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде 300 әйел адам қорлық, зорлық-зомбылықтан көз жұмған. Одан бөлек, екі мыңға жуық әйелдің денсаулығына ауыр және орташа зиян келтірілген. 37 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдерді құтқарудың жалғыз жолы - жазаны қатаңдату, деді Артур Ластаев. Еркінен тыс қызды алып қашуға қоғам да қарсы.
Самал Қабышева, тілші:
Қыз алып қашуға қатысты қатаңдатылып жатқан бап еркінен тыс тұрмысқа шығатындардың құқығын қорғауды көздейді. Яғни, қыз қарсылық білдіріп, артынан оны алып қашқан жігіт үйіне кері қайтарса да, жазадан құтылмайтын болады. Неке қию мақсатында адамды ұрлау» бабы бойынша қыз алып қашқан адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал бұл қылмысты бірнеше адам бірігіп жасаса, жаза 7 жылдан жоғары болады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12