Кен орындары мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кен орындары мемлекетке қайтарылды

03.08.2023

Елімізде алтын, көмір, темір, мұнай мен мыс кен орындары мемлекетке қайтарылып жатыр. Өйткені бұл жерлерді игеріп, мол пайда табамыз деген инвесторлар шарт талаптарын сақтамаған. Бұл Үкіметте өткен кеңесте белгілі болды. Мәліметтерге сай қазір 100-ден астам келісімшарт бұзылып, пайдалы қазбаларды өндіруге берілген 250-ге жуық лицензия кері қайтарылды. Сөйтіп алтын, көмір, мұнай мен мыс кен орындары қайта мемлекеттік қорға өтіп отыр. Дегенмен олар жақында жаңа инвесторларға берілмек. Ол үшін ашық аукцион жүргізіледі. Мамандар бұл жер қойнауын пайдалану саласында инвестиция көлемін еселеп арттырады дейді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу