Мемлекетке бірегей кен орны қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке бірегей кен орны қайтарылды

31.10.2023

Мемлекетке никель мен кобальт кен орны қайтарылды. Онда 1 миллион тоннадан астам никель және 586 мың тоннаға жуық кобальт қоры бар. Пайдалы қазбалардың құны 5,6 триллион теңгеден асады. Бұл Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау жұмыстарының нәтижесі.

Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде, мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды. Үкімді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жариялады. Айыпталушы экс-шенеунік 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қымбат мүліктері тәркіленді. Оның ішінде Алматы қаласындағы жер учаскесі, тұрғын үйі, 2 автокөлік, 13 коммерциялық ұйымның қатысу үлесі бар.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу