Елордада 700 млн теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 700 млн теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды

10.08.2023

Елордада құны шамамен 700 млн теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерге мектеп пен жатақхана салыну керек болған. Бас прокуратураның мәліметінше, акционерлік қоғам жер учаскесі үшін 663 млн теңге өтемақы алған. Бірақ 2 жыл бойы жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін орындамаған. Енді прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалып, екі жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу