Елімізде құны 488 млрд теңгеге 126 жоба іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде құны 488 млрд теңгеге 126 жоба іске қосылды

22.12.2023

Биыл еліміздің өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 млрд теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылды. Соның нәтижесінде шамамен 9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, Qarmet комбинатының Қазақстан меншігіне қайтарылуы биылғы жылғы – елеулі жетістіктігіміздің бірі. Меншік иесінің ауысуымен кәсіпорынға 1,3 млрд доллар жеке инвестиция салынады. Ел Үкіметі шартты бұзған жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттары мен лицензияларын қайта қарау жұмыстарын жүргізуде. Биыл 54 келісімшарт тоқтатылып, қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген 96 лицензия қайтарылды. Нәтижесінде алтын, көмір, темір, мыс, көмірсутек, боксит, полиметалл кен орындары мемлекеттік қорға қайтарылды, олар кейіннен жаңа инвесторларға беру үшін ашық аукционға қойылады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу