Елімізде жаңа кен орындары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа кен орындары табылды

29.03.2018

Болжам бойынша онда 1500 тонна алтын, 28,8 миллион тонна мыс және 22,6 миллион тонна полиметалл бар. Бұл туралы бүгін өткен жылдың зерттеу қорытындысына байланысты баспасөз мәслихатын өткізген Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, олар Қарағанды көмір бассейніндегі метан мөлшерін зерттеп көрген. Нәтижесінде нысанда метанның 14 миллиард текше метр қоры бар екені анықталды. Сондай-ақ, геологтар дүниежүзілік нарықты ескере отырып, енді елімізде сирек кездесетін металдарды барлауға ерекше көңіл бөлмекші. Олар әсіресе, Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Ахмир учаскесінің мүмкіндігін ерекше атап өтті.

Ақбатыр Надырбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы:

- 2017 жылы зерттеу жұмыстары 98 нысанда жүргізілді. Соңғы уақытта әлемде литийге деген сұраныс артып кетті. Осыған байланысты Қазақстан аумағында литий қорын іздеу бағытындағы жұмыс жанданған болатын. Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының Ахмер учаскесінде литий іздеу жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша онда қалайы мен литийдің болжамды ресурстары анықталды.

Хабарламаларға жазылу