Мектеп кітапханашыларына енді педагог мәртебесі беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп кітапханашыларына енді педагог мәртебесі беріледі

02.08.2023

Мектеп кітапханашыларына енді педагог мәртебесі беріледі. Бұл туралы вице-премьер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. Оның сөзінше биыл 2 мыңнан аса білім беру ұйымдарының, кітапханашылары біліктілігін арттырады. Курста IT-құзыреттілік пен цифрлық сауаттылық, авторлық құқық сияқты бірнеше кең ауқымды тақырыптар қамтылған. Бұдан бөлек, министр биылғы оқу жылына «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 100 грант бөлу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 75%-ға жоғары.

Гүлшат Ратова, кітапханашы:

Кітапханашының педагог дәрежесіне көтерілуі, жастарды жас мамандарды тартуға көмектеседі деп ойлаймын. Білмеген адам кітап беріп, оны алып отырады деп ойлайды. Халықаралық стандартқа сай әр кітаппен жұмыс істейтін, оқырман сұранысына сай, оларды жазба жасап, оқырманға ұсынатын үлкен маман деп айтуға болады.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу