Папиллома вирусына қарсы екпе салу жалғасып жатыр
Елімізде күн сайын екі әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерттің негізгі себептерінің бірі – адам папиллома вирусы. Ағзада ондаған жыл бойы білінбей жүріп, ақыры қатерлі ісікке әкелетін инфекцияға қарсы вакцина салу әлі жалғасып жатыр. Жыл басынан бері алғашқы дозаны 33 мыңнан астам оқушы қыз алса, 24 мыңнан астамы екпенің екінші кезеңінен өткен.
Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең кең таралған вирустардың бірі. Ғалымдар оның 200-ден астам түрін анықтаған. Соның кем дегенде 12-сі аса қауіпті саналады. Мамандар, бұл вирустың жатыр мойны обырына, сондай-ақ ауыз-жұтқыншақ қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін екенін айтады. Елімізде жыл сайын шамамен 2 мың әйелден жатыр мойны обыры анықталады. Ал 600-ге жуық науқас осы дерттен қайтыс болады. Бұл күн сайын екі әйелдің ажалы осы кеселден келеді деген сөз.
Дәурен Қадыбеков, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының аға дәрігері:
600 әйелдің өлімі деген – өте қасіретті көрсеткіш. Вируспен зақымданған сәттен бастап 10-20 жылдың ішінде рак алды, рак ауруы пайда болады. Өкінішке қарай, Қазақстанда скринингке мән беретін қыз-келіншектер саны өте төмен. Негізінен оңтүстік өңірде кеңінен таралған, жатыр мойны қатерлі ісігі. Себебі қыз-келіншектер көп. Оңтүстік аймақта туу көрсеткіші жоғары боп келеді. Сондықтан аурушаңдық өте жоғары боп келеді.
Қауіпті дерттің алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Екі жыл бұрын басталған екпе науқанына тек 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға салынса, енді 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді де қамтып жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, әзірге вакцина алған қыздардың арасында ауыр жанама әсер байқалмапты.
Айнұр Жүсіпқызы, № 17 емхана дәрігері:
Дозаның саны қыз баланың жасына қарай. 11 жастан 14 жасқа дейін екі дозамен жасаймыз. Қазір және 6 айдан кейін. 14 жастан жоғары қыздарға үш дозамен жасаймыз. Қазір, екі айдан кейін және 6 айдан кейін. Бұл екпе өте жеңіл, әсері өте мықты. Басты белгілері басқа екпелерге ұқсас, екпе салған жердің қызаруы, ісуі. Дененің қызуы 37-38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Ал Денсаулық сақтау министрлігі екі жылдан кейін бұл вакцинаны ұл балаларға да егуді жоспарлап отыр. Өйткені, адам папиллома вирусы әйелдерге ғана емес, ер азаматтарға да қауіп төндіреді. Ал ересектер бұл вакцинаны әзірге ақылы түрде ала алады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
02.06.2026, 20:58
Академик: Ғылым мен технология – болашаққа бағдар
02.06.2026, 20:52
«Таза Қазақстан»: 1,5 мың экологиялық іс-шара өтті
02.06.2026, 20:51
Бойжеткен велосипедпен 42 күнде 4000 шақырым жүрген
02.06.2026, 20:50
Қазақстан мен Жапонияның парламентаралық ынтымағы артып келеді
02.06.2026, 20:49
Көлікке газ орнату ережесі сақталмаса арты жарылысқа әкеп соқтырады
02.06.2026, 20:13
Burger King-ке 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
02.06.2026, 20:06
1 жылда 188 жұмысшы өндіріс басында қаза тапты
02.06.2026, 20:05