Иранда жергілікті мамандар жасаған зымыран көпшілікке көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жергілікті мамандар жасаған зымыран көпшілікке көрсетілді

10.02.2022

Иран мамандары өз күштерімен жасаған зымыранды көпшілікке көрсетті. Ұзақ қашықтыққа арналған ракета 1450 шақырымға дейін ұша алады. Мұны жергілікті мемлекеттік телеарналар хабарлап отыр. Олардың дерегінше, Ислам Республикасы Таяу Шығыстағы ең ірі зымыран бағдараламасына ие. Және де елдің 2 мың шақырымға арналған ракеталары Израиль мен АҚШ-тың аймақтағы базаларына жете алады.

Жаңа зымыран «Хейбарды жоюшы» деп аталады. «Хейбар» дегеніміз - 7-ші ғасырда мұсылман жасақтары Араб түбегінің Хиджаз аймағында басып алған йудейлер оазисі.

Айта кетсек, Иран бұл ракетаны Тегеран мен Вашингтон 2015 жылғы ядролық келісімді қалпына келтіру жөніндегі тікелей емес келіссөздерді қайта бастағанда сынап отыр.


Хабарламаларға жазылу